Алматыдағы трагедия: өрттен көз жұмған жігіттің анасы сұхбат берді

30 Қараша 2023, 12:30 5687

Алматыда хостелде болған өрттен қайтыс болғандардың бірінің анасы Әсем Садықова сұхбат берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әсем Садықованың айтуынша, оның ұлы хостелде бір айдан бері тұрады екен.

Ұлым екі жыл бұрын колледж бітірді, хостелде бір айдан бері тұрып жатқан, жұмыс істейтін, - дейді ол.

Оның сөзіне қарағанда, ұлы небәрі 22 жаста. Есімі Суннат екен. 

Ұлымның қайтыс болғанын маған колледж мұғалімі айтты. Ұлыммен кеше ғана сөйлескенбіз. Бір жерде жұмыс істейміз. Бірақ бүгін жұмысқа келмеді. Кеше сағат 18:00-де қоштастық. Бүгін басшылық оның жұмысқа келмегенін айтты. Сол кезде колледжден хабарлама келді. Мұның бәрі қате ақпарат сияқты, әлі де сене алар емеспін, - деп көзіне жас алды ана.

Айта кетейік, өрттан 13 адам қайтыс болып, олардың барлығының жеке басы анықталды. 

Мадина Асылбекова
Бөлісу: