Алматыдағы төбелес: Кінәлі адамдар жауапқа тартылды

15 Қаңтар 2023, 18:30 3836

Бұл туралы Polisia.kz мәлімдеді

Алматы қаласында қыз баланы ұрып-соққан қыздардың ата-аналары жауапқа тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Екі заңсыз эпизод та Алматының Алатау ауданында орын алған. Екі оқиға да қаладағы колледждердің бірінде оқитын кәмелетке толмаған студенттер қатысты.

«Бұл деректер әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында анықталды. Бірінші жағдайда оқиғаның 15 жастағы қатысушылары видеоның 2022 жылдың ақпанында түсірілгенін хабарлады. Олар өз кінәларын толық мойындады. Қыздардың аналарына қатысты ҚР ӘҚбК-нің 127, 435-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Ағымдағы жылдың 4 қаңтарында «Ұлжан» ықшамауданында қыздың денесіне зақым келтірген тағы үш қыздың ата-анасына да осындай шаралар қолданылды. Төбелеске қатысушылар тіркеуге алынып, ювеналды полиция инспекторларының бақылауында болады», - деді Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Талғат Беркінбаев.

EL.KZ
Бөлісу: