Алматыдағы сейсмикалық сынақ: халықаралық сарапшылар жоғары баға берді

4 Шілде, 01:20 586

«Қазақ Құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» бірлесіп Алматыдағы 16 қабатты тұрғын үйге кезекті сейсмикалық сынақ жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, сынақтар Алматыда өткен ТМД қатысушы мемлекеттердің сейсмикаға төзімді құрылыс саласындағы базалық ұйымы отырысына орайластырылды және оның тәжірибелік бөлігі болды.

Сынақтар барысында «ҚазҚСҒЗИ» АҚ мамандары сейсмикалық әсерді имитациялау кезінде тұрғын үй құрылымдарының өзгерісін талдады. Төбеге алдын ала дірілмашина орнатылды, бұл күші 9 балдық жер сілкінісімен салыстыруға болатын қарқынды тербелістерді қайталауға мүмкіндік берді.

Отырысқа қатысқан халықаралық сарапшыларға сынақ барысын жеке бақылауға және қолданылатын технологиялар мен әдістердің тиімділігін бағалауға мүмкіндік туды. Бұл іс-шара жер сілкінісіне төзімді құрылыс бойынша тәжірибе мен білім алмасуда маңызды алаңға айналды.

Бұл сынақ ғимараттың жер сілкінісі кезінде өзін қалай ұстайтынының нақты мысалы болды. Қатты дірілге қарамастан, мен тірек құрылымдарында ешқандай жырықтар мен зақымдарды байқамадым. Бұл құрылыстың сапа сенімділігін көрсетеді. Канадада діріл сынақтары сирек өткізіледі, бізде негізінен кішігірім масштабтағы ғимараттардың модельдері салынған сейсмикалық платформалар қолданылады. Мен «ҚазҚСҒЗИ» АҚ-ның ғимараттардың жер сілкінісіне төзімділігін арттыру үшін нақты сынақтар жүргізу және озық технологияларды енгізу саласындағы жұмысын жоғары бағалаймын, – деп атап өтті Канаданың жобалау жөніндегі тұрақты комитетінің сейсмикалық тәуекелдер және Ұлттық құрылыс кодексі жөніндегі маман-кеңесшісі, профессор Туна Онур.

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ өкілдері мұндай сынақтар ағымдағы инженерлік шешімдерді тексеріп қана қоймай, болашақта жер сілкінісіне төзімді ғимараттарды жобалау мен салуды жақсарту үшін қажетті түзетулер енгізуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Институт ғимараттардың жер сілкінісіне төзімділігін арттыруға бағытталған өз зерттеулері мен әзірлемелерін жалғастыруда, бұл Алматы сияқты сейсмикалық қауіпті өңірлер үшін ерекше маңызға ие.

Перизат Саденова
Бөлісу: