Алматыдағы сауда кешендерінде өрт қауіпсіздігіне дайындық жүргізілді

25 Ақпан, 20:08 649

Алматы облысы аумағының сауда кешендерінде «Қауіпсіз сауда» республикалық акциясы жүргізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқу жаттығу барысында жоғарғы қабаттан өрт шығып адамдарды құтқару және тұрғындарды қауіпсіз аймаққа эвакуациялау жұмыстары жүргізілді. Жаттығу соңында тұрғындарға инженерлік-инспекторлық құрам өрт қауіпсіздік талаптары жайлы ашық қабылдау және түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Айта кетейік, Алматы облысында қатты отынмен жағылатын пештің дұрыс жұмыс істемеуінен бірнеше адам газдан уланды.

Перизат Саденова
Бөлісу: