Алматыдағы радиостудияға Әнуарбек Байжанбаев есімі берілді

12 Мамыр 2023, 18:26 1040

Биыл "Қазақтың Левитаны» атанған атақты диктор, Қазақстанның Халық артисі Әнуарбек Байжанбаевтың туғанына 100 жыл толды. Атаулы мерейтойға орай, Алматыдағы радиостудияға дауылпаз диктордың есімі берілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Алматыдағы сапарымыз аясында Қазақ радиосының ұжымына барып, дауылпаз диктор Әнуарбек Байжанбаев атындағы студияның ашылу салтанатына қатыстық. Ұлағатты іс-шара қайталанбас дауыс иесінің, радио ардагерінің 100 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Қазақ сөз өнерінің қадір-қасиеті Байжанбаевтың қоңыр үні арқылы айшықталды. Қазақ радиосы дегенде бірден елдің есіне Әнуарбек Байжанбаевтың түсетіні сондықтан. Әйгілі диктордың ел руханиятына қосқан еңбегін дәріптеу баршамыздың ортақ парызымыз, - деп жазды Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі.

Іс-шарада Әнуарбек Байжанбаевтың ұрпақтары мен көзін көрген әріптестері, радио ардагерлерінің де жылы лебіздері мен естеліктері айтылды.
 
Айта кетейік, былтыр Астанадағы студияға Әбдірәлі Бөлебайдың есімі берілген. 
Алмас Абылай
Бөлісу: