02.01.2025
19:00
1190
Алматыдағы ойын-сауық орталықта өрт шықты

Алматыдағы ойын-сауық орталықта өрт шықты

Алматыдағы Әуезов ауданында орналасқан сауда ойын-сауық орталықтарының бірінде өрт шықты. ТЖМ мәліметінше, ғимарат шатырындағы ауа тартқыш құбырында май қалдықтары жанып, кейіннен от шатырдың қаптамасына тараған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Қызыл жалын аумағы - 10 шаршы метр. Оқиға орнына дереу жеткен төтеншеліктер өртті сөндірді. Оны сөндіруге жеке құрамнан 65 адам және 20 техника жұмылдырылды. 

Сауда ойын-сауық орталығынан мыңға жуық адам эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.