Алматыдағы өрттен қайтыс болғандардың отбасыларына көмек көрсетіледі

30 Қараша 2023, 15:22 999

Премьер-министр Әлихан Смайылов Алматы қаласында орын алған қайғылы жағдайға байланысты қаза тапқан азаматтардың жақындары мен туған-туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматыда адамдардың өліміне әкеп соққан қайғылы жағдай бәріміздің қабырғамызды қайыстырды. Қазақстан Республикасының Үкіметі болған оқиғаның себептерін анықтау үшін барлық шараларды қабылдайды, кінәлілер жауапқа тартылатын болады. Барлық зардап шеккендер мен қаза болғандардың отбасыларына көмек көрсетіледі.

Марқұмдардың туған-туыстары мен жақындарына орны толмас ауыр қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккендерге тезірек сауығып кетулерін тілеймін! - делінген мәліметте.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: