Алматыдағы өртке байланысты екі қылмыстық іс қозғалды

2 Тамыз 2023, 14:15 1317

 Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті «Ақкент» шағын ауданындағы өртке қатысты екі қылмыстық іс қозғалынын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Департамент бастығының міндетін атқарушы Ерлан Әлібековтың айтуынша, өрт қауіпсіздігін сақтамау және өрттен бір адамның қаза болуына байланысты қылмыстық іс қозғалған.

Ведомствоаралық жедел комиссия құрылды. Одан бөлек, техникалық сараптама тағайындалды. Өрттің себебі анықталды, - дейді Ерлан Әлібеков. 

Бірақ қазіргі уақытта төтенше жағдайлар мамандары құрылыс кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын тексере алмайды. Себебі шағын және орта бизнесті тексеруге тыйым салынған.

Айта кетейік, кеше Алматы қаласының Алатау ауданына қарасты «Ақкент» шағын ауданындағы 16 қабаттық тұрғын үй өртенген болатын. Өрт салдарынан 1 адам көз жұмып, 43 адам зардап шекті. 

Алмас Абылай
Бөлісу: