Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыӨрт сөндірушілер Алматы қаласының Мұз сарайындағы өртті сөндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматы қаласындағы жабық мұз айдынының кіші залының бірінші қабатында спорттық инвентарьдің өртенуі орын алды.
Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін келушілер мен қызметкерлер ғимараттан шығып кеткен.
Газ-түтіннен қорғау қызметінің буындарымен барлау және өртті сөндіру барысында құтқару қалпақтарының көмегімен төрт кәмелетке толмаған бала құтқарылды.
Үлкен өрт жүктемесіне қарамастан, өрт сөндірушілер өрттің іргелес орын-жайларға таралуына жол бермей оны 40 шаршы метр аумақта сөндірді.
Оқиға орнында ТЖД психологы 1 балаға шұғыл психологиялық көмек көрсетті және
3 баланы ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының бригадасы ауруханаға жеткізді.
Өрттің себебін анықтау үшін өрт орнында сынақ өрт зерттеу зертханасы жұмыс істеуде.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді