Алматыдағы «Медеу» мұз айдынында жаппай сырғанау маусымы ашылды

Бүгiн, 19:00 108

Алматыдағы «Медеу» биік таулы мұз айдынында жаппай сырғанау маусымы ашылды. Маусымның ашылу салтанатында қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әкімдіктегілер биыл мұз айдыны әдеттегіден ерте ашылып, келушілерге тосын сый жасалғанын атап өтті. Алматы спорт нысандары дирекциясының өкілі Олжас Ершеев бұл іс-шараның демеушілердің қолдауымен аз бюджетпен өткенін алға тартты.

Біз тұрақты келушілердің пікірін ескеріп, инфрақұрылымды жақсарттық және барша жанға ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлауға тырыстық, - деді ол.

Зарина Арман
Бөлісу: