Алматыдағы газ жарылысынан зардап шеккен 20 жастағы қыз көз жұмды

22 Желтоқсан 2023, 16:03 1740

Алматы облысының Талғар ауданындағы газ жарылысынан зардап шеккен жиырма жастағы қыз көз жұмды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Алматыдағы көпсалалы клиникалық аурухананың баспасөз қызметі 1991 жылғы ер адамның ауыр жарақаттан кеше таңертең қайтыс болғанын айтқан еді, бүгін түнде 2003 жылы туған қыз ес жимастан көз жұмды деп хабарлады. Қыздың денесінде 3-4 дәрежелі күйіктер болған.

Еске салайық, бес күн бұрын Гүлдала ауылында тұрмыстық газ жарылысы болып, екі үй бүлінген еді. Осы оқиғадан кейін төрт адам ауруханаға жатқызылды. Қаза болғандар ерлі-зайыпты болып шықты. Жарылысқа табиғи газ құбырындағы қысымның жоғарылауы себеп болған.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: