Алматыдағы ботаникалық баққа кіру билетінің құны қымбаттады

3 Қаңтар, 23:45 884

Алматыдағы ботаникалық баққа келушілер 1 қаңтардан бастап демалыс аймағына кіру үшін қосымша 24,20 теңге төлеуі тиіс, деп хабарлайды El.kz.   

Ботаникалық бақтың баспасөз қызметі билет құнының қымбаттау себебін түсіндіріп берді.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдаланғаны үшін әрбір келушінің төлеуі тиіс салық өсіп, қазір 369,20 теңгені (2023 жылы – 345 теңге) құрап отыр. Енді ботаникалық баққа кіру кезінде ересектер – 874,20 теңге, зейнеткерлер мен мектеп оқушылары –527,20 теңге, студенттер – 709,20 теңге төлейтін болады, - деп жазылған бақтың желідегі ресми парақшасында.

Перизат Саденова
Бөлісу: