02.08.2024
14:18
998
Алматыдағы Ботаникалық бақ жабылады

Алматыдағы Ботаникалық бақ жабылады

Алматыдағы Бас ботаникалық бақ 5 тамызда жабылатындығы туралы хабарландыру жасады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Бақтың баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл күні санитарлық тазарту жұмыстары жүргізіледі.

Құрметті Бас ботаникалық бақтың қонақтары. Ботаникалық бақ 5 тамызда жабылатынын хабарлаймыз. Аумақ жоспарлы түрде санитарлық тазартудан өтеді, - делінген мәліметте.

Сонымен қатар басқа күндері жұмыс уақыты өзгермейтіні де көрсетілген.

Басқа күндері жұмыс кестесі өзгеріссіз қалады: Ботаникалық бақ күн сайын сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс істейді. Кассалар 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Кассадағы техникалық үзіліс: 15:00-15:30, - деп қосты бақтың баспасөз қызметі.