Алматыдағы ботаникалық бақ бір күнге жабылады

3 Тамыз, 01:27 626

Алматыдағы ботаникалық бақ 5 тамызда бір күнге жабылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Демалыс аумағы жоспарлы түрде санитарлық тазартудан өтеді.

Басқа күндері жұмыс кестесі өзгеріссіз қалады. Ботаникалық бақ күн сайын сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс жасайды. Кассалар 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Кассадағы техникалық үзіліс: 15:00-15:30. Егер айдың бірінші дүйсенбісі мереке күніне сәйкес келсе, онда санитарлық күн кейінге қалдырылуы мүмкін,-делінген ботаникалық бақтың ресми парақшасындағы мәліметте.

Зарина Арман
Бөлісу: