29.08.2023
21:50
1359
Алматыдағы әйгілі тұрғын үй кешені тағы өртенді

Алматыдағы әйгілі тұрғын үй кешені тағы өртенді

Алматыда «Ақкент» тұрғын үй кешеніндегі тоғыз қабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінен өрт шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін сағат 19.29-да 101 пультіне Алматы қаласының Алатау ауданы Ақкент шағын ауданындағы тоғыз қабатты тұрғын үйлердің бірінде 5-қабаттағы пәтерде ас үйде 0,8 шаршы метр алаңда ауа сорғыш жанғаны туралы хабарлама түсті. Өрт сағат 19.49-да сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің 2 рангы расталған жоқ, - делінген ТЖМ таратқан хабарламада.

Алматы қаласы ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырады.