Фристайл-могулдан Қазақстан командасының үздігі Павел Колмаков Алматыдағы әлем кубогінде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР ҰОК мәліметінше, жартылай финалда Колмаков финляндиялық Сивери Виерелладан басым түсті. Ал ақтық сында танымал спортшы, канадалық Микаэль Кингсберимен кездескен болатын.
Үлкен финалда Колмаков Кингсбериге есе жіберіп, өз жерімізде өткен әлемдік доданың күміс жүлдесіне иелік етті.