Алматыда жыл соңына дейін 70-тен астам балабақша ашылады

24 Шілде 2022, 00:35 2899

Алматы Білім басқармасы басшысының орынбасары мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы мәлімет берді.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов мәлімдеді, деп хабарлайды EL.KZ.

Сонымен қатар, 2025 жылға қарай алты жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 100%-ды құрауы тиіс.

Қайрат Жұмановтың мәліметі бойынша, Алматы қаласында 75 504 баланы қамтитын 866 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, оның ішінде мемлекеттік 192 (39 007 бала), жеке 674 (36 497 бала).

Қаланың мектепке дейінгі білім беру саласындағы негізгі проблема балабақшалардағы орын тапшылығы болып табылады. Бүгінде 1 жастан 6 жасқа дейінгі 43 мыңнан астам бала кезекте тұр, - деді Қ. Жұманов.

2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 71,4%-ды (71 857 бала), 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 91,6%-ды (60 908 бала) құрайтыны белгілі болды.

3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуды 2025 жылға қарай 100%-ға дейін жеткізу жоспарлануда, - деп жалғастырды білім басқармасының спикері.

РСК брифингі барысында Алматы Білім басқармасы басшысының орынбасары мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы мәлімет берді. Ол 35 698 орынды 573 жекеменшік балабақшада орналасқан. 2022 жылы 1 балаға мемлекеттік тапсырыс сомасы 41 197 теңгені, ата-ана төлемі 20 500 теңгені құрайды.

Жергілікті атқарушы органдар балаларды мектепке дейінгі біліммен және тәрбиемен қамтуды арттыруға ұмтылуда, сондықтан биыл 560 орынды екі мемлекеттік балабақша және 6000 орындық 69 жаңа жекеменшік балабақша ашу жоспарлануда, – деді Қ.Жұманов.

Айта кетсек, жыл басынан бері мегаполисте 3 316 орынды 54 жекеменшік мектепке дейінгі ұйым ашылды (Алатау ауданында 570 орынды - 9, Алмалы ауданында 225 орынды - 3, Әуезов ауданында 671 орынды - 9, Бостандық ауданында 706 орынды - 12, Жетісу ауданында 45 орынды - 1, Медеу ауданында 357 орынға 7, Наурызбай ауданында 400 орынға - 7, Түрксіб ауданында - 342 орынға 6).

Брифинг барысында Қайрат Жұманов «ақша баланың соңынан ереді» деп болжайтын қаржыландырудың ваучерлік жүйесі туралы айтып берді.

Бүгінде мектепке дейінгі ұйымдарда қаржыландырудың ваучерлік жүйесі бойынша нормативтік-құқықтық актілер бекітілмеген. Мектепке дейінгі ұйымдарды қаржыландырудың ваучерлік жүйесін апробациялау жыл соңына дейін жалғасатын Нұр-Сұлтан қаласында жүргізіледі, - деп қорытындылады спикер.
EL.KZ
Бөлісу: