Алматыда ТЖД аптап ыстыққа байланысты ескерту жасады

23 Шілде 2022, 17:13 1592

24-28 шілде аралығында Алматыда сынап бағанасы 36-38 градусқа дейін көтеріледі

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидрометке» сілтеме жасап ауа райына қатысты ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz.


24-28 шілде аралығында Алматыда сынап бағанасы 36-38 градусқа дейін көтеріледі. Осыған байланысты Алматы қаласы ТЖ Департаменті төмендегі қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:

- Күн сәулесі тікелей түсетін жерлерде мүмкіндігінше аз болуға тырысыңыз. Есіңізде болсын, сағат 12:00-ден 16:00-ге дейінгі уақытта күннің сәулесі белсенді болады. Денені күн сәулесінен қорғап, жабық киім киюге тырысыңыз және күннен қорғайтын сықпа майлар қолданыңыз;

- Алкогольді ішімдік ішпеңіз – алкоголь ыстықта ағзаға тез әсер етеді және дене жоғары температураға сезімтал болады;

- Сұйықтықты (салқындатылған су, минералды су) мүмкіндігінше көп ішуге тырысыңыз; Денеге салмақ түсірмеңіз. Күшті жүктеме ыстықта жылу алмасуды арттырады да ағзаны сусыздануға әкеліп соқтырады;

-Авто көліктермен ұзақ сапарларды шектеуіңіз керек, егер бұл мүмкін болмаса, жолда мүмкіндігінше абай болыңыз, себебі, қатты ыстықтан көңіл күй төмендеп адам өзін өзі нашар сезінуі мүмкін және реакция төмендейді - Балаларды көліктердің ішіне аз уақытқа болса да қалдырмаңыз. Қатты ыстықтан бала есінен танып қалуы мүмкін.

- Егер сіз төтенше жағдайға тап болсаңыз және сіздің өміріңізге қауіп төнгендей жағдай болса, «112», «101» бірыңғай құтқару қызметіне қоңырау шалыңыз (қоңырау шалу тегін).

 


Бөлісу: