13.07.2022
06:45
1544
Алматыда төрт бала уланып қалды

Алматыда төрт бала уланып қалды

Қонақүйде жүргізілген дезинсекциядан кейін төрт бала уланған. Олар химиялық заттан уланып, Балалардың жедел медициналық жәрдем орталығына жатқызылды, деп хабарлайды El.kz


– Балалар орталық балалар ауруханасының токсикологиялық бөлімшесінде ем алып жатыр. Жа5дайлары орташа ауырлықта, – деді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметі

Улану оқиғасы Алматыдағы балалар жарысқа қатысу үшін орналастырылған қонақүйлердің бірінде болған.