Алматыда есірткі жасайтын жасырын зертхана жойылды

13 Шілде 2022, 07:21 1387

Интернет арқылы «Альфа-PVP» синтетикалық есірткілерін қолдан жасап, өткізуді ұйымдастырған екі азамат ұсталды.

Операция барысында Алматы және ҚР басқа өңірлерінің аумағында Интернет арқылы «Альфа-PVP» синтетикалық есірткілерін қолдан жасап, өткізуді ұйымдастырған екі азамат ұсталды, деп хабарлайды El.kz ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– 29 маусымда Алматы мен оның маңында шамамен 16 кг «Альфа-PVP», кристалдану сатысындағы 15 кг есірткі, 5 тоннадан астам прекурсорлар мен зертханалық жабдықтар тәркіленді. «Қара нарықта» тәркіленген есірткі құралдарының құны жарты миллиардтан астам теңгеге бағаланады,-деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу материалдары сотқа дейінгі тергеуге алынды.


Бөлісу: