01.07.2022
04:10
1775
Алматыда Димаштың алғашқы шоу концерті өтеді

Алматыда Димаштың алғашқы шоу концерті өтеді

Алматыда 23 қыркүйек күні әнші Димаш Құдайбергеннің концерті өтеді, деп хабарлайды El.kz.

Бұл туралы Димаш Құдайбергеннің өзі Instagram-дағы парақшасында жазды.

– 2022 жылғы 23 қыркүйекте Алматы қаласында "Stranger" атты концертім өтеді! Бұл менің оңтүстік астанада ұйымдастырылатын алғашқы жеке шығармашылық кешім, — деп жазды Димаш Құдайберген.

Шоу Қазақстандағы ең ірі спорт ғимараттарының бірі — орталық стадионда өтеді.

– Құрметті тыңдармандарыммен туған елімде қайта кездесетініме қуаныштымын, Сіздерді асыға күтемін!, — деп жазды әнші.