Алматыда әскери қызметшілер ер адамды өрттен құтқарып қалды

5 Маусым 2022, 17:48 1031

Фото: Baq.kz

Жөндеу базасының әскери қызметшілері Абылайхан Омаров пен Талғат Әбжанов ауласында автокөлік жөндеп жатқан еді, деп хабарлайды El.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Көрші көшедегі түтінді көріп, көмек сұрап айқайлаған дауысты естіген бетте олар өрт орнына дереу жүгіріп жеткен. Қалың қара түтін жеке үйдің ауласында орналасқан ғимараттан шығып жатыр екен. Абылайхан мен Талғат дуалдан секіріп түсіп, жанып жатқан ғимараттан ер адамды алып шыққан. Әскери қызметшілер зардап шегушіге алғашқы көмек көрсетіп, медициналық және өрт сөндіру бригадаларын шақырған.

Өрт жапсарлас құрылыстан тұрғын үйге көшуі мүмкін деп қауіптенген ефрейторлар Омаров пен Әбжанов өртті сөндіре бастаған. Кейін оларға ТЖД қызметкерлері көмекке келді.

Зардап шеккен азамат 1963 жылы туған. Ол екінші және бірінші, екінші және үшінші дәрежелі күйік алып, №4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді.

Біздің орнымызда кім болса да осылай істейтін еді. Медициналық дайындық сабақтарында бізді өрт кезінде зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетуге үйретеді. Бірақ біз алған біліміміз өмірде кәдеге жарайдды деп ешқашан ойламаппыз, - дейді өрт сөндіруші достар сыпайылық танытып.

Өрт сөндіруде және адамды құтқару кезінде көрсеткен ерлігі үшін Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың бұйрығымен әскери қызметшілер «Ел қорғаны» ведомстволық медалімен марапатталды.


Бөлісу: