Алматыда ұрлық азайды

25 Шілде 2022, 15:13 1640

Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаменті мәлімдеді

Алматыда жыл басынан бері ұрлық саны азайып келеді. Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, – деп хабарлайды El.kz.

Ведомствоның дерегінше, Алматы полициясының қызметі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындауға, сондай-ақ, барлық саладағы қызметті жақсартуға бағытталып отыр. Жалпы, қаладағы қылмыстық ахуал тұрақты және бақылауда. Қылмысты ашу бойынша жұмыстың тиімділігі артқан.

– Қалалық полиция департаментінің дерегі бойынша биылғы алты айда қалта ұрлығы 3,8 есеге, пәтер ұрлығы 44%-ға, автокөлік салонынан бөтеннің мүлкін ұрлау 47%-ға азайған. Сондай-ақ, жыл басынан бері кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс (-14,5%), отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар (-14,3%), бұрын сотталғандардың заңсыз әрекеттері де (-47,8%) төмендеген, – делінеді Алматы полициясы таратқан хабарламада.

Бөлісу: