Алматыда жылумен жабдықтау желілерін жөндеу жұмыстары аяқталып келеді

16 Қыркүйек, 04:15 366

«Алматы жылу желілері» ЖШС мәліметінше, биыл жылыту маусымы аралығында «АлТС» ЖШС жалпы ұзындығы шамамен 20 шақырым болатын жылу желілерін қайта құру жұмыстарын жүргізуде. Бұл жұмыстың нәтижесінде желілердің тозуын 1,8%-ға азайту жоспарланып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Құбырларды ауыстыру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілген кезде қайта құру аймақтарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында автокөлік қозғалысы шектелген.

Бүгінгі таңда жылу желілерін қайта құру жұмыстары жүргізілген қала көшелерінде қозғалыс шектелген құрылыс-монтаж жұмыстары 7 учаскеде аяқталды. Мердігер ұйымдар аумақтарды абаттандыруға кіріст. Ал жұмысты қыркүйек айының соңына дейін ауа райы жағдайын ескере отырып, мына учаскелерде аяқтау жоспарланған:

- 15 қыркүйекке дейін Ескараев көшесінде Розыбакиев көшесінен Гагарин даңғылына дейін, сондай-ақ Сүйінбай даңғылында Гаршин көшесінен Бекмаханов көшесіне дейін;
- 17 қыркүйекке дейін Құрманғазы көшесінде Пушкин көшесінен Зенков көшесіне дейін;
- 20 қыркүйекке дейін Қожанов көшесінде Радостовец көшесінен Гагарин даңғылына дейін, сондай-ақ Дунаевский көшесінде Жароков көшесінен шығыс бағытта;
- 30 қыркүйекке дейін Жүргенов көшесінде Баишев көшесінен Тянь-Шаньская көшесіне дейін, сондай-ақ Қожанов көшесінде ЦТРП-дан Жароков көшесіне дейін.

Қозғалыс шектелген басқа 7 нысанда жұмыстар қазан айының басында аяқталады.

30 қыркүйекке дейін құрылыс-монтаж жұмыстарын ескере отырып, жұмыстарды аяқтау жоспарланған:

- Бродский көшесінде Казаков көшесінен автобус паркіне дейін;
- Шопен көшесінде Байкадамов көшесінен Журавлев көшесіне дейін;
- Макатаев көшесінде Жұмабаев көшесінен Павлодарская көшесіне дейін;
- Дунаевский көшесінен «Алмагүл-Южный» сорғы станциясына дейінгі бұрылыста.

6 қазанға дейін мына көшелерде жұмыстар аяқталады:

- Тургенев көшесінде Черепанов көшесінен Тоқтабаев көшесіне дейін;
- Байқадамов көшесінде Розыбакиев көшесінен Гагарин даңғылына дейін;
- Радостовец көшесінде Байқадамов көшесінен Журавлев көшесіне дейін.

Спасск көшесінде Бекмаханов көшесінен Урицкий көшесіне дейінгі және Воровский көшесіне дейінгі қозғалыс мерзімінде қалпына келтірілді.

Мердігер ұйымдар темірбетон бұйымдары мен құбыр өнімдерін шығаратын зауыттардың жоғары жүктемесіне байланысты кейбір нысандағы жөндеу жұмыстарын ұзартуға мәжбүр болған. Бұл құрылыс материалдарының жеткізілуіне және құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау мерзімін ұзартуға әсер еткен.

Перизат Саденова
Бөлісу: