Алматыда жылу қашан беріледі

Бүгiн, 09:12 127

Алматыда жылыту маусымы басталатын уақыт аталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қала әкімдігінің мәліметінше, 7 қазан мен 11 қазан аралығында шаһарда нысандарға кезең-кезеңімен жылу беріле бастайды.

Ең алдымен әлеуметтік нысандар (балабақшалар, мектептер, медициналық мекемелер), сонан соң тұрғын үйлер, жатақханалар мен қонақ үйлер, әкімшілік нысандар, білім беру мекемелері мен театрлар орталықтандырылған жылыту жүйесіне қосылады.

Маусымға дайындық 99%-ды құрайды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: