Алматыда жұмысшы мамандықтар фестивалі басталды

28 Наурыз 2023, 18:42 937

Алматыда «Кәсіптік білім: табысқа жету жолы» атты қалалық жұмысшы мамандықтар фестивалі басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

10 күн бойы қаланың 12 мыңнан астам оқушысы мен 700 колледж студенті түрлі байқауларға қатысып, мамандықтар әлемін ашады.

Фестиваль соңында іс-шараның айшықты көрінісі саналатын «WorldSkills Almaty 2023» VIII өңірлік чемпионаты өтеді.

Фестивальдің мақсаты кәсіптік бағдар беру жұмыстары және жұмысшы кәсіптері мен орта буын мамандарын дәріптеу арқылы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің позициясын нығайту. Іс-шара 8 сәуірге дейін жалғасады.

EL.KZ
Бөлісу: