26.06.2023
18:21
1568
Алматыда жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады

Алматыда жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады

Алматы облысында жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Жол апатына қатысты видео әлеуметтік желіде тарады. Видеода №203 жолаушылар автобусы жолдың шетіне шығып кеткенін көруге болады. Оқиға Құлжа трактінде болған.

Облыстық Полиция департаментінің өкілдері бұл дерекке қатысты пікір білдірді. 

Алматы облысының Полиция департаменті жол-көлік оқиғасы 26 маусымда "Алматы-Көкпек-Көктал" тасжолының 24-шақырымында болғанын хабарлайды. 54 жастағы жүргізуші көліктің рөлін басқара алмай, кюветке шығып кеткен. Жол апаты салдарынан зардап шеккендер жоқ, - дейді ПД өкілдері.