Алматыда жол жүру ақысы қымбаттады

3 Тамыз, 12:42 628

Бүгіннен, 2024 жылғы 3 тамыздан бастап Алматыда қоғамдық көліктер – автобустар, метро және троллейбустар тарифтері қымбаттады. Оның құны 100 теңгеден 120 теңгеге дейін өсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

2024 жылғы 1 шілдеде Алматыда қоғамдық көліктерде жол жүру ақысы көтеріліп, қолма-қол төлем алынып тасталуы мүмкін екені белгілі болды.

Содан кейін қалалық мобильділік басқармасының өкілдері мұндай шешім қосалқы бөлшектер мен шығын материалдарының қымбаттауына байланысты екенін айтты.

 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: