Алматыда жол-патрульдік полициясының мұрнын сындырып кетті

20 Желтоқсан 2023, 13:35 940

Алматы қаласында жол-патрульдік полициясына шабуыл жасалды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға орнында түсірілген видеода жас жігіттердің заңға қайшы әрекеттерін көруге болады.  Алматы қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, заң талабына бағынбаған жігіттер тәртіп сақшыларының бірін соққыға жығып, мұрнын сындырған.

Бейнежазбада мас күйінде полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбаған ер адамды ұстау фактісі түсірілген. Сонымен бірге, төрт ер адам өздерінің заңсыз әрекеттерімен тоқтатылған Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісіне қашып кетуге мүмкіндік берген, ол да мас күйінде болуы мүмкін, – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.  

Оқиғаға қатысушылардың әрекетіне құқықтық баға беріліп, жігіттердің ерсі әрекетіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. 

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: