Алматыда жол ақысы қымбаттады

21 Тамыз 2023, 11:45 1459

Алматыда қоғамдық көлікте жол жүру құны 20 теңгеге өсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Оңай» картасымен немесе QR-код арқылы төлем жасағанда жол жүру ақысы 100 теңгені құрайтын болады, яғни баға 20 теңгеге қымбаттайды. Қолма-қол төлемде жол жүру құны – 150-ден 200 теңгеге дейін көтеріледі.

Айта кетейік, бұған дейін Энергетика министрінің бұрынғы кеңесшісі, мұнай-газ саласының сарапшысы Олжас Байділдинов Астана мен Алматыда қоғамдық көлікте жол жүру бағасын көтеруді ұсынған болатын. Экс-кеңесші жолақыны көтеру туралы ұсыныстың себебін түсіндірді.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: