Алматыда жол апатынан зардап шеккендер саны артты

26 Маусым, 16:49 725

Бұған дейін Алматыда автобус дүкенге соқтығысып, бір адам көз жұмғанын және тағы 16 адамның жарақат алғанын жазғанбыз. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккендер саны ұлғайғатынын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Екі адамға оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді, олар амбулаторлық емге жіберілді. Зардап шеккен 22 адам қалалық стационарларға жеткізілді. Барлығының жағдайы орташа ауыр.

Жарақат алғандар арасында 14, 15 және 16 жастағы үш жасөспірім бар.

Қазіргі уақытта науқастарға барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Толық тексерістен соң қажетті ем тағайындалады, - делінген мәліметте.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: