Алматыда жоғалып кеткен қытайлық жасөспірім табылды

3 Қыркүйек, 17:06 527

Көлік полицейлері жоғалып кеткен 13 жастағы турист қызды іздеп тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ІІМ мәліметінше, Алматы әуежайының желілік полиция бөлімі қызметкерлері қыз баланың жоғалып кеткені туралы хабарламаны ала салысымен дереу шаралар қабылдап, жасөспірімді іздеуге кірісті.

Айта кетейік, шетелдік жасөспірім Қазақстанға анасымен бірге келген. Алайда ол жанжал салдарынан құжаттарын алып, белгісіз бағытқа кетіп қалған.

Көлік полицейлерінің қырағылығы мен жедел әрекеттерінің арқасында кешкі сағат 20:00 шамасында әуежайды патрульдеу кезінде 13 жастағы ҚХР азаматы Мия Ю Тинь аман-есен табылып, анасына тапсырылды, - делінген мәліметте.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: