Алматыда жер сілкінісінен кейін мектеп қабырғаларында жарықтар пайда болды

5 Наурыз, 08:21 1135

Алматыдағы жер сілкінісі салдарынан кейбір мектептердің қабырғаларында жарықтар пайда болды. Бұл туралы қалалық құрылыс басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ге сілтеме жасап. 

Басқарма мәліметінше, негізінен жарықтар әрлеу материалдарында пайда болған, ол салмақ түсетін құрылымдарға әсер етпейді.

ТЖД, Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты, Қала құрылысын бақылау басқармасы, аудандық сәулетшілер және басқа да уәкілетті органдар мамандарынан құралған арнайы комиссия барлық әлеуметтік нысанды тексереді. Соның нәтижесіне сәйкес, барлық тиісті шара қабылданады, - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ, жедел штаб қаладағы ғимараттарға айтарлықтай зиян келмегенін жетікізді. Тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.

Зарина Арман
Бөлісу: