Алматыда жер сілкінісі кезінде дабыл қағу жүйесі неге жұмыс істемеді

5 Қараша, 12:26 420

Алматы Төтенше жағдайлар департаменті жер сілкінгенде халықты ескерту жүйесі неге жұмыс істемегенін түсіндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Хабардар ету жүйелері (mass alert) қарқындылығы 5,5 балл және одан жоғары болған кезде автомат түрде іске қосылады. Бүгінгі жер сілкінісі қала аумағында 3 балл болды, - деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері.

Айта кетейік, ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 5 қарашада Астана уақытымен 10:01-де Алматы облысы мен Алматы қаласында жер сілкінісін тіркеді,

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: