Алматыда жер сілкінді

28 Желтоқсан 2022, 23:25 2392

Зілзала 2-3 балл қуатымен сезілген

Алматылықтар жер сілкінісін сезінді, деп хабарлайды El.kz Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

28 қаңтар күні сағат 23:17-де Алматы қаласында жер сілкінісі тіркелді. Ешқандай зақым болған немесе қираған жағдай байқалған жоқ, ахуал тұрақты. «112» және «101» жүйелеріне тұрғындардан қоңырау түскен жоқ. «Қазселденқорғау» ММ мәліметтері бойынша гидротехникалық құрылыстарда, көшкін және сел жүру қаупі бар учаскелерде бүліну, шөгу және жарықшақтар анықталмады, - делінген хабарламада.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан 261 шақырымда орналасқан. Нақтырақ айтқанда, оңтүстік-шығысқа қарай Қырғыз Республикасы мен Қытай шекарасының маңында орын алған.

Энергетикалық санаты - 13.4 MPV, магнитудасы – 6.2. Тереңдігі – 25 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша Алматыда 2 -3 балл қуатымен сезілген.

EL.KZ
Бөлісу: