Алматыда жер сілкінді

20 Мамыр, 10:42 1222

Алматыда 2 балдық жер сілкінісі сезілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 20 мамырда Алматы уақытымен сағат 10.10-да жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің эпицентрі Қытай аумағында (Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 380 шақырым жерде) орналасқан. Алматыда 2 балл болып сезілді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: