23.01.2024
00:21
20015
Алматыда жер сілкінді

Алматыда жер сілкінді

Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезгенін жазып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Көп қабатты тұрғын үйдің тұрғындары сыртқа шыққан. Куәгерлердің сөзінше, жер сілкінісі қатты сезілген және ұзақ болған. Жер сілкінісінің қуаты – шамамен 6,2 балл.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментнің мәліметінше, өзара іс-қимыл алгоритмі бойынша тиісті мемлекеттік органдарға хабар берілді. Тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің жұмысына мониторинг жүргізіліп жатыр.