Алматыда Жеңістің 80 жылдығына арналған ауқымды экоакция өтеді

Алматыда Жеңістің 80 жылдығына арналған ауқымды экоакция өтеді

8 мамыр күні Алматыда Жеңістің 80 жылдығына арналған ауқымды экологиялық акция өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Әкімдіктің мәліметінше, сағат 9:00–де қаланың барлық ауданында жұмыстар басталады. Атап айтқанда:

 Әуезов ауданы — 1-ш/а., Алтынсарин даңғылы (Жұбанов көшесінен Ұлықбек даңғылына дейін);
 Алатау ауданы — Бағаналы Орда көшесіндегі сквер;
 Алмалы ауданы — Амангелді көшесі (Төле би көшесінен Қазыбек би көшесіне дейін);
 Бостандық ауданы — «Жас Қанат» сквері;
 Жетісу ауданы — Ратушный саябағы;
 Медеу ауданы — 28 гвардияшы саябағы;
 Наурызбай ауданы — «Ақжар» сквері;
 Түрксіб ауданы — Набережная көшесі, 123-үй.
Әр орында концерттер, шеберлік дәрістері, интерактивтер және әскери әндер сынды мерекелік іс-шаралар өтеді.

Әкімдік қажетті құрал-жабдықтар мен отырғызылатын материалдармен қамтамасыз етеді. Барлық қатысушыға арнайы бас киім, футболка және «Жеңіс» естелік лентасы таратылады.

«Байқоңыр» метро бекетінен сенбілік өтетін орындарға автобус қатынайды.