Алматыда жеңіл атлетикадан халықаралық турнир өтеді

29 Маусым 2023, 11:00 641

1-2 шілде аралығында Алматы қаласында жеңіл атлетикадан Ғұсман Қосанов мемориалы халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше,  Алматы орталық стадионында өтетін жарыстар әлемдік жеңіл атлетика қауымдастығының элиталы сериясына (қола мәртебесі) кіреді.

Биыл турнирге Қазақстан, Қытай, Үндістан, Таиланд, Иран, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Армения, Әзербайжан және Грузия спортшылары қатысады.

Стадионға кіру тегін.

Равиль Ашығали
Бөлісу: