29.07.2025
00:15
478
Алматыда Желтоқсан көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Алматыда Желтоқсан көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

BRT (Bus Rapid Transit – автобустың арнайы жолағы) жобасын жүзеге асыру аясында Алматыдағы Желтоқсан көшесінде құрылыс-монтаж жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Қалалық әкімдік мәліметінше, осыған байланысты 29 шілде күні сағат 08:00-ден 30 шілде сағат 21:00-ге дейін Сәтпаев көшесінен Абай даңғылына дейінгі аралықта қозғалыс жабылады.

Жөнделетін учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйымның байланыс ақпараты бар тақта қойылады. Бағытты алдын ала жоспарлауды сұраймыз, - делінген мәліметте.

Сонымен қатар қозғалысқа шектеу қою жөніндегі толық ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілерінде жарияланған.