Алматыда жекеменшік мектеп маңындағы көліктен мәйіт табылды

10 Желтоқсан, 13:27 506

Бүгін Алматыда жеке мектептердің бірінің маңынан көлік ішінен мәйіт табылды. Бұл туралы әлеуметтік желі қолданушылары жазды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады.

Көзге көрінетін зорлық-зомбылық белгілері жоқ ер адамның мәйітін табу дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Алдын ала болжам бойынша, өлімге жүрек жеткіліксіздігі себеп болған, - дейді полиция өкілдері.

Полицейлер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

 

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: