Алматыда жеке үйдің ауласындағы монша отқа оранды

23 Наурыз, 03:29 663

Алматыда жазғы уақытша үй-жайдың ауласындағы монша өртенді, хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті 22 наурыз күні кешкі сағат 20:29 минутта  Алатау ауданы “Шапағат”  шағын ауданында жеке үйдің жанғаны туралы хабарлама  алғанын мәлімдеді. 

Шақырту келіп түскен соң ТЖД күштері мен құралдары жеке құрамның 41 адамы және техниканың 11 бірлігі бірден оқиға орнына жіберілген. 

Өрт сөндіру бригадасы аталған мекенжайға 6 минутта келді.  Барлау барысында жазғы және уақытша  салынған үй-жәйлары мен моншаның өртенгенін анықтады. Сондай-ақ, қызыл жалын небәрі үш метр қашықтықта орналасқан көрші тұрғын үйге қауіп төндірді, - деп жазылған департамент таратқан хабарламада. 

Шұғыл қабылданған шаралар нәтижесінде тілсіз жаудың айналаға таралуына тосқауыл қойылды. Айта кететін жайт, өрттен зардап шеккен тұрғындар тіркелген жоқ.

Зарина Арман
Бөлісу: