Алматыда жеке тұрғын үй өртенді

1 Тамыз, 09:50 406

Алматыда жеке тұрғын үйдің шатыры өртке оранды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өрт сөндірушілер қызыл жалынды бес минут ішінде сөндірді.

Алматы қаласының Бостандық ауданында жеке тұрғын үйдің шатырының 10 ш.м. алаңда өрт тұтанған.  Өрт сөндірушілердің жылдам әрекетінің арқасында оқиға орнына келген сәттен бастап, өрт 5 минут ішінде сөндірілді, - делінген хабарламада.

 Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталып жатыр.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: