Алматыда жаяу жүргінші көлік астына түсіп қайтыс болды

24 Қыркүйек, 21:35 470

24 қыркүйек күні кешке Алматыдағы Достық көшесінде Hyundai Lantra көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып өлтірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ер адам жолға жүгіріп шыққанда, жүргізуші оң жақ бағытпен келе жатқан. Көлік жүргізушісі рольді бұрғанымен, үлгермей қалған.

Соққыдан ер адам жол жиегіне ұшып кетіп, алған жарақаттарынан ол оқиға орнында көз жұмды.

Қайтыс болған адамның жеке басы анықталуда.

Оқиға орнында жол полициясы қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Зарина Арман
Бөлісу: