31.07.2024
20:44
1084
Алматыда жастар арасында ұлттық спорт түрлері бойынша жеңімпаздар анықталды

Алматыда жастар арасында ұлттық спорт түрлері бойынша жеңімпаздар анықталды

Алматыда жастар арасында ұлттық спорт түрлері бойынша өткен жарыстың жеңімпаздар белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматыдағы сауда-саттық орындарында жұмыс істеп жүрген жастар арасында «Youth nomads» ұлттық спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырылды. Жарысқа 40-қа жуық сауда орындарынан 500-ден астам адам қатысты.

2 күн бойы олар «Қазақ күресі», «Арқан тарту», «Қол күрес», «Асық ату» және «Қой көтеру» сияқты спорт түрлерінен бақ сынады.

«Youth nomads» жобасы 2023 жылдан бастап, сауда-саттық орындарында жұмыс істейтін жастарды әлеуметтендіру, сондай-ақ олардың арасында ұлттық спорт түрлері мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткізіліп келеді