Алматыда жаппай төбелескен студенттер ұсталды, – деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Алматы қалалық Полиция департаменті жақын маңдағы ойын-сауық мекемесінде мерекелік іс-шараны тойлап жатқан Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінің студенттері төбелеске қатысқанын хабарлады. Абырой болғанда, жәбірленушілер мен зардап шеккендер жоқ.
– Бұл дерек ҚР ҚК-нің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Төбелеске қатысушылардың әрқайсысы анықталып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылатын болады. Олардың әрқайсысының әрекетіне тергеу тарапынан құқықтық баға беріледі, – деді Бостандық аудандық Полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.