06.07.2024
04:18
753
Алматыда Жансүгіров көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Алматыда Жансүгіров көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Алматыда 6 шілде сағат 22:00-ден 7 шілде сағат 10:00-ге дейін Жансүгіров көшесінің Ақпаев көшесімен қиылысында көлік қозғалысы жабылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Көше бөлігіндегі жол астынан тартылған су құбырын жоспарлы қайта құруға байланысты уақытша шектеулер енгізілген.

Әкімдіктегілер қала тұрғындары мен қонақтарынан жол жүру бағыттарын алдын ала жоспарлап, аталған өзгерістерді ескерулерін сұрайды. 

Анықтама үшін телефон: 8 (727) 274-66-66 - Орталық диспетчерлік қызмет.