Алматылық өрт сөндірушілер жанармай құю бекетінің маңынан шыққан өрттің алдын алды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 қазан күні сағат 11:14-те Түрксіб ауданы Бурундайская көшесінде өрт туралы хабарлама келіп түскен.
Өрті сөндіруге 13 қызметкер мен 2 бірлік техника жіберілді. ГАЗ 47-532 112 жүк көлігінің шанағынан 4 шаршы метр аумақта ашық жалынның жанып жатқанын анықталды. Автокөлікте жанар-жағармай құйылған бөшкелер болған. Зардап шеккендер жоқ. Жүргізуші оқиға кезінде қатты қорыққан, қазір жағдай тұрақты, - делінген ТЖД таратқан хабарламада.
№ 3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері жанып жатқан машинадан бес бос бөшкені эвакуациялаған. Өрт 11:35-те жойылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрттің шығу себебі - көлік салонындағы қысқа тұйықталу болған.