Алматыда жаңа отбасылық-дәрігерлік амбулатория ашылды

19 Қаңтар, 21:51 850

«Кемел» шағын ауданында (Есімхан көшесі, 127) медициналық-санитарлық алғашқы көмектің (МСАК) жаңа орталығы ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл заманауи медициналық орталық ауысымына 200 келушіге есептелген және 9 мың ересек адам мен 3 мыңнан астам балаға медициналық көмек көрсетуге арналған.

Нысан заманауи құрылғылармен жабдықталған, атап айтқанда, УДЗ, ЭКГ, дефибриллятор, ультрадыбыстық түсті сканер және т.б. сараптамалық аппараттар бар.

Мұнда жалпы практика дәрігерлері, терапевт, акушер-гинеколог, невропатолог, эндокринолог, кардиолог, ЛОР, окулист, аллерголог, хирург-травматолог, реабилитолог қызмет көрсетеді.

Орталық «Кемел» шағын ауданы мен жақын маңдағы аудандардың тұрғындарын сапалы медициналық қызметпен қамтып, үш емхананың жүктемесін азайтады.

Бұл қаладағы үшінші МСАК орталығы, тағы осындай 11 орталық пен емхана ашу жоспарланып отыр.

Перизат Саденова
Бөлісу: