Алматыда жалған хабарлама берген ресейлік азамат қамауға алынды

7 Мамыр 2023, 17:25 941

Бұл туралы Алматы қаласы Терроризмге қарсы комиссияның аппараты мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Алматы қаласының  полиция департаментінің қызметкерлері мәскеулік әріптестерінен «Алматы Арена» мұз сарайында жарылғыш зат туралы хабарлаған белгісіз ер адамның қоңырауы жазылғаны туралы ақпарат алды.

Бастапқы әрекет ету аясында қаланың төтенше жағдайлар қызметі жарылғыш және кинологиялық бөлімшелерді тарта отырып, ғимарат пен оған іргелес аумаққа тексеру жүргізді. Тексеру нәтижесінде жарылғыш зат табылмады, - деп жазылған ақпаратта.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларымен Ресей Федерациясының азаматы анықталып, ұсталды. «Г» өзінің абайсыз әрекетінің себебін түсіндіре алмады. Сонымен бірге, оның бұған дейін Ресейдегі оқу орындарына бірнеше рет осындай қоңырау шалғаны белгілі болды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Асқар Таудай
Бөлісу: